Интернет желісінде Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның бүгіннен бастап облыста карантиндік шаралар күшейтілетіні айтылған қаулысы пайда болды.
Осы қаулыға сәйкес облыста интернет пен компьютерлік клубтардың, түнгі клубтардың және басқа да көңіл көтеру орындарының жұмыстары тоқтатылады.
Енді өңірде қоғамдық көлік 6: 00-ден 21:00-ге дейін жүреді.Көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Сондай-ақ базарлардың жұмыс кестесі өзгерді. Жұма мен жексенбі күндері олар 10:00 – ден 16:00-ге дейін, ал қалған күндері-9:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады.
Өңірде бұқаралық, салтанатты, отбасылық және естелік іс-шаралар, сондай-ақ түрлі форумдар мен көрмелер өткізуге тыйым салынады.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысында мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеуді жалғастыруы тиіс.
Өңірде карантиндік шаралар күшейтілуінің себебі коронавирус ауруының өсуі 6,5% құрады.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында COVID-19 жұқтырудың 492 жағдайы тіркелді, ал Қазақстан Республикасында олардың саны 13872 құрады.
Сурет: baigenews.kz