Факты истории

Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері аймақта карантинді күшейтті

Желіде Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның аймақта карантиндік шараларды күшейту туралы қаулысы пайда болды.

Қаулыда Ақтөбеде азық-түлік және автомобиль базарлары, сондай-ақ азық-түлік емес дүкендерге жұмыс істеуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, Ақтөбеде сауда-ойын-сауық орталықтарына, автовокзалдарға, қызмет көрсету саласы нысандарына, түрлі жәрмеңкелер мен спорт нысандарына жұмыс істеуге тыйым салынды.

Өңірде тұратын қазақстандықтарға үйлерінен шықпау ұсынылды, тек қана азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмек сатып алуға шығуға болады.

Сондай-ақ бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес облыста қойылған бақылау-өткізу пунктерінде бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, діни объектілерге баруға және бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Қаулыда өңірде коронавирус ауруының өсімі 7%-дан асып кеткендіктен карантиндік шаралар күшейтілгені баса айтылған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Ақтөбе облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 224 жағдайы расталды, ал Қазақстанда олардың саны 5850-ге жетті.

Ещё в ленте

Все новости