Факты истории

Ақтөбе облысында егіс алқабы 10 пайызға өсті

Ақтөбе облысында егіс науқаны басталды, деп хабарлайды 24.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының бірнеше ауданының агрономдары егін алқабына шығып, қалғандары жердің жылынуын күтуде. Фермерлер биыл өңірдегі егіс алқабы 10%-ға артқанын атап өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша жалпы алғанда 800 мың гектардан астам жер себіледі.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиев: «Алдағы уақытта 450 мың гектар дәнді дақылдар, 260 мың га – жемшөп дақылдары, 50 мың – майлы дақылдар, 6 мың га – картоп және 5 мың га – көкөніс пен бақша дақылдары егіледі. Жалпы, қолайлы жағдайда, мамыр айының соңына дейін егіс жұмыстары аяқталады деп ойлаймыз».

Ещё в ленте

Все новости