Ақтөбе қаламаңында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Бейсенбі, 7 наурыз күні 0 сағат 48 минутта өрт сөндіру қызметінің пультіне Ақтөбе қаласының Ясный кентіндегі “Рамазан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасы аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. 600 шаршы метр алаңда жұмыртқаға арналған қаптама өндіретін цех өртенді.
Өрт сөндірушілер отты 1 сағат 28 минутта оқшаулап, 1 сағат 50 минутта сөндірді. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Өрт сөндірумен 50 адам айналысты, облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің 12 арнайы техникасы пайдаланылды.
Сурет: pxhere.com