Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. Бұл туралы ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин Нұр Ақтөбе шағын ауданында тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тексеріп үлгерді.
Сондай-ақ, Қазақстан премьер – Министрі «IBG Gatering» ЖШС «А» класты жол бойындағы сервистің көпфункционалды кешеніне барып, оңтүстік айналма жолы-Ақтөбе қаласы құрылысының барысын тексереді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, үкімет басшысы арнайы киім шығаратын тігін фабрикасына, сондай-ақ «Көктас Ақтөбе»АҚ-ның құрылысына арналған материалдар шығаратын зауыттарға барады.