АҚШ пен Қазақстанның жастар ұйымдарының өкілдері қатысатын “Нетворкинг және тәжірибе алмасу” жобасы басталды.
Қатысушылар жұмыспен қамту, сапалы білім алу және үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мәселелерін талқылайды деп жоспарлануда. Кездесу мастер-класс, тренингтер мен семинарлар түрінде өтеді. Сондай-ақ меморандумға қол қойылады деп күтілуде.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Бәтима Мукина аталмыш іс-шара елімізде алғаш рет өтетінін айтты.
Олар Қазақстанның жастар саясаты проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын, Америка Құрама Штаттарының тәжірибесін талқылайтын болады.Жыл соңында халықаралық ұйымдардың, біздің ұлттық жастар ұйымдарының үздік тәжірибелері бойынша қазақстандық жинақ шығарылады. Америкалық және қазақстандық өкілдермен бірлесіп меморандумға қол қою жоспарлануда”, – деді Мукина.
Сурет: 24.kz