Халықаралық гуманитарлық-саяси зерттеулер институтының сарапшысы Владимир Брутер егер мемлекеттер доллардан бас тартса, АҚШ өзінің ықпалы мен күшінен айырылады деп айтты.
“Вашингтон үшін доллардың әлемдік валюта ретінде пайдаланылуы – басты сыртқы экономикалық және сыртқы саяси тетігі. Бұл тетікті жоғалтса, америкалықтар әлемдік үстемдігін едәуір жоғалтады. Қытайға, Ресейге, Францияға қазіргідей қысым көрсетіп жатқандай, әлемдік үдеріске әсер ету мүмкіндігін жояды.Cаудада АҚШ доллары қолданылмаса, басқа елдер Вашингтонды тыңдамайды”, – деді Брутер.
Бұған дейін Англия банкінің басшысы Марк Карн долларды криптондық валюта алмастыра алады деп айтты.
Халықаралық институттың сарапшысы электрондық валютаны пайдалану үшін әлем елдерінің ортақ ұстанымы болуы керек деп санайды.