Америка Құрама Штаттары осы жылдың қыркүйек және қазан айларында импортталатын Қытай тауарларына салынатын баж салығын 5%-ға көтерді. Бұл шешім Қытайға импортталатын американдық өнімге баждың артуына байланысты қабылданды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
“Қытай құны 75 миллиард доллар болатын АҚШ тауарларына жаңа тарифтер енгізбеуі тиіс еді. 1 қазаннан бастап ҚХР-дан 250 миллиард доллар көлемінде тауарлар мен азық-түліктерге 25% салық салынады”, – деді Трамп.
Сондай-ақ, АҚШ президенті жалпы құны 300 миллиард долларды құрайтын қалған қытай тауарларына 1 қыркүйектен бастап 15% салық салынатынын айтты. Қазір бұл Қытай өніміне 10% баж салынады.