Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстан Президентінің ауысуына байланысты мәлімдеме жасады

7 года назад
Госдеп США сделал заявление по поводу смены президента Казахстана

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаменті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады. Мемлекеттік департамент ресми өкілінің орынбасары Роберт Палладино Америка-қазақстандық қарым-қатынас нығая түсетініне сенім білдірді.

Палладино жаңа мемлекет басшысын құттықтап, екі елдің стратегиялық әріптестігін тереңдету бойынша бірлескен жұмыс жалғасатынына сенім білдірді.

Палладино, Америка Құрама Штаттары екі елдің өзара экономикалық, сауда, инвестициялық, сонымен қатар өңірлік және жаһандық қауіпсіздік саласындағы мүдделері алға басатынына үміттенетінін атап өтті. Екі мемлекеттің қарым-қатынасы өркендеудің, бостандық пен өңірлік қауіпсіздікті құрметтеудің ортақ идеяларына негізделген, деп мәлімдеді Палладино.

Палладино Америка Құрама Штаттары Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка мен Қазақстан арасындағы берік және серпінді қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне жоғары баға беретіндігін айтты.

Палладиноның айтуынша, АҚШ Назарбаевтың ядролық қаруды таратпауға, халықаралық денуклеаризацияға күш салуға, билікті бейбіт жолмен беруге ұмтылуын және оның Қазақстан мен өңірде бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге қосқан үлесін мойындайды.

2018 жылдың қаңтар айында Елбасы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Қазақстан мен АҚШ сол кезде жиырмадан астам екіжақты экономикалық шарттарға қол қойды.

Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда президенттік өкілеттілігін тоқтатты. 20 наурызда оны Сенат басшысы қызметін атқарған Тоқаев ауыстырды.

Сурет: ЕА Daily

Новости СМИ2
Алдыңғы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Келесі

Астана билігі қаланың атын өзгертуді қолдау акциясын іске қосты

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.