Нұр-Сұлтанда теректен түскен ақ ұлпа тұтанып, 250 шаршы метр аумақ жанып кетті. От сол жағалаудағы Ақорда мен әкімшілік ғимараттардың маңына дейін жеткен, деп КТК-ға сілтеме жасап.
Бас қаланың өрт сөндірушілері биыл әппақ ұлпа жер-көкті басып қалғанын айтады. Оны балалар сіріңкемен жағып ойнап, соңы өртке ұласуда. Темекі тұқылын да көрінген жерге тастай салмау керек. Елордада бір тәулікте тек мамық өрті бойынша 53 дерек тіркелген. Синоптиктер осы аптада Нұр-Сұлтанда күн райы 36 градусқа дейін көтеріліп, ұлпаны басатын жауын-шашынның болмайтынын да ескертті. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарды қауіпсіздік шарасына бей-жай қарамауға шақырады.