Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты Ақмола облысының орталығында салтанатты жиын өтті, оның барысында әкім құрылысшы мамандығы ең жасампаз мамандықтардың бірі екенін атап өтті.
“Біздің көз алдымызда Ақмола облысының барлық өңірлерінде мемлекеттік және жеке инвестициялардың көмегімен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістер орын алуда”, – деді Ақмола облысының әкімі.
Сондай-ақ әкім “Нұрлы жер” тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін хабарлады.