Ақмола облысының басшысы Ермек Маржықпаев Израильдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельманмен кездесу өткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде туризм және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Облыс әкімі израильдік инвестицияларға қызығушылық танытты.
Ақмола облысының әкімі қазіргі таңда Израиль агротехнологияда,ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары технологияда беделі танылды деп санайды. Егер израильдік технологиялар Ақмола облысына енгізілсе, облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ықпал етеді.
Сондай-ақ, әңгіме барысында аймақтарды аралап шығу үшін Израиль кәсіпкерлері тобын құру қажет деген ортақ пікірге келді.
Сурет: inform.kz