Қазақстанда елдегі алғашқы цифрланған қала салыатын болады. Жобаны жүзеге асыру үшін Ақмола облысының Ақкөл қаласы таңдалды, деп хабарлайды “Акмолинская правда” облыстық газетінің сайтында.
Қала “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасына сәйкес электронды түрде жұмыс істейтін болады, деп хабарлады “Ақмола электртораптық бөлу компаниясы” АҚ, “Қазақтелеком” АҚ, ERG, BTS Digital және облыстық әкімдікпен бірге жобамен жұмыс істейтін “Tengri Lab” фирмасының жетекшісі.
Есетов қала коммуникациясының жұмысында көптеген прогрессивті өзгерістер жасалғанын атап өтті – 4,5 мың автоматты түрде берілген су есептегіштері және 6 мың осындай “ақылды” электр есептегіштері, 2550 көше шамдары, шарттарға сәйкес жарық қуатын автоматты түрде қосу және ажырату және жарықтандыру қуатының өзгерту, 70-тен астам интеллектуалды бейнебақылау бейнекамералары, мектептер мен әкімдіктегі тұлғаларды тану функциясы бар қолжетімділікті бақылау жүйелері орнатылды.
Енді Ақкөл қаласы экологиялық жағдайды, көшелердегі қоғамдық және қызметтік көліктерді қадағалайтын құрылғыламен жаблықталады .
Жүйе құрылғылардан алынып, талданған деректерді, ауа райы, пәтерлерді жылыту деңгейі мен қала ауруханаларына жүгінулер санын негізге ала отырып анықтай алады.
Барлық датчиктердің ақпараты Ақколдің ситуациялық орталығына түсіп, видеоқабырғада талдау жүргізіледі. Бұған қаланы қоршаған 4G және LoraWan желілерінің есебінен мүмкін туады.
Астанадағыдай, Ақкөлде де жылы аялдамалар орнатылған. Қала тұрғындары күн батареялары ақылды телефондарын қуаттауға мүмкіндігі бар. Осының бәрі бизнесмендердің күшімен жасалды. Сонымен қатар, қалада балалар алаңы, workout-алаңы бар, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.
Сурет: finance.rambler.ru