Ақмола облысында брифинг өтіп,арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Владислав Шуль қатысушыларға екінші кезеңнің нәтижелері туралы айтты. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Владислав Шуль Ақмола облысында пойыз қозғалысының ең талап етілетін бағыттары бойынша билеттердің бар-жоғы тексерілгенін хабарлады.
“Нәтиже билеттер сұранысқа ие бағыттар бойынша 7-10 күн бұрын болатынын көрсетті. Билеттердің жасанды тапшылығы, сондай – ақ “көмекшілер” және билеттерді алыпсатарлар анықталған жоқ ” – деп атап өтті арнайы мониторингтік топтың жетекшісі.
Сондай-ақ брифинг барысында “Ақмола-адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова мемлекеттік органдар мен мекемелердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы айтты.
“Оң мысалдар бар. Оңтайландыру нәтижесінде біздің облыстық басқармалар саны 26-дан 22-ге дейін қысқарды. Басшы лауазымдардың атқарушылық қызметке қатынасы екі есе азайды. Білім беру саласында бірігу жолымен функциясы ұқсас 8 колледжді қайта ұйымдастыру нәтижесінде 4 колледжге қысқарды. Нәтижесінде 126 млн теңге үнемделді”, – деді ол.
Брифингтің қорытындысында әлеуметтік желілердегі біздің ел азаматтарының өтініштері бойынша жедел ақпарат алмасу үшін WhatsApp мессенджерінде сұхбат құрылғаны, онда келіп түскен өтініштерге облыстық департаменттердің, басқармалардың басшылары мен өкілдері, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары жауап беретіні айтылды.