Еуроодақта қалған мемлекеттер Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы келісім жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы Еурокеңес басшысы Дональд Туск Twitter-де жазды.
“ЕО 27 елінің көшбасшылары ЕО мен Біріккен Корольдіктің болашақ қатынастары туралы келісім мен саяси декларацияны мақұлдады”, — делінген Дональд Туска хабарламасында.
Бұған дейін ЕО-дан Brexit бойынша бас келіссөзші Мишель Барнье, ЕО мен Лондон достары болып қала беретінін атап өтті. Өз кезегінде Франция президенті Эммануэль Макрон Британия ұйым үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ұлыбритания 2019 жылы 29 наурызда ЕО-дан кетеді. Brexit шарттары туралы келіссөздер 2017 жылдың жазынан жалғасуда.