Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында сабақты себепсіз босататын балалардың ата-аналарына 7575 теңге көлемінде айыппұл салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Суханбердиева “Білім туралы” Заңда әрбір ата-ана өз балаларының білім алуына жауап береді делінгенін айтты. Сондықтан, егер бала белгілі бір күндері мектепке бармаса, онда алдымен бұл мәселені кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия, одан кейін прокуратура қарайтын болады және сотқа беріледі.
Осыдан кейін сот әкімшілік істі қарайтын болады. Ата-аналардың міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған.
Айыппұл мөлшері 3 ең төменгі есептік көрсеткіштен (75 теңге) құрайды. Шенеуніктің айтуынша, ол үшін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия жұмыс істейді, сабаққа келмеген оқушылар саны үнемі бақыланады. “Бірақ ата-аналар ата-ана құқығынан айырғанға дейін жауапты”, – деді Суханбердина.
Сурет: rebenok. by