Факты истории

Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жекте 50 миллион доллар алады

UFC президенті Дэйна Уайт аралас жекпе-жектен ресейлік Хабиб Нурмагомедов алдағы кездесуінен 50 миллион доллар алуына болады деп есептейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Уайт ресейлік спортшының талаптарын орындауға болатынынына күмән келтірместен «әрине» деп жауап қайтарды. «Олар өздері үшін ненің дұрыс екенін біледі. Олар бұл сұрақтың жауабын да біледі», — деп жазған MMAFighting.com Twitter әлеуметтік желісінде UFC басшысының сөзін.

Еске сала кетейік, Нурмагомедов 6 қазанда АҚШ-та өткен UFC 229 турнирі аясында ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды жеңіп, жеңіл салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атағын қорғап қалды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жекпе-жек нәтижесі бойынша МакГрегордың табысы 50 миллион доллар болған. Кейін Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Азиз келесі жекпе-жекте Хабибтің табысы осындай болатынына сеніп отырғанын мәлімдеген.

Ещё в ленте

Все новости