Факты истории

Франция Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Республикамыздың елордасының әкімі Алтай Көлгінов Франция кәсіпорындары қозғалысының өкілдерімен кездесу өткізді, онда автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты мәселелер қаралды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы денсаулық сақтау және аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы өзара қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, келіссөзде екі ел арасындағы құрылыс және инвестициялар, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ және Франция-Қазақстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикарер Қазақстанмен жемісті ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Өз кезегінде, Астана әкімі бүгінгі күні шетелдіктерге ағылшын тілінде мемлекеттік қызметтер ұсынатын, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына ерекше назар аударды.

Сурет: astana.gov.kz

Ещё в ленте

Все новости