Факты истории

Федерация Кеңесінің басшысы Қазақстанға келуге ниетті

Ресей Федерациясы Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының спикері Мәулен Әшімбаевты мерейтойымен құттықтап жеделхат жолдады. Бүгін ол 50 жасқа толды.

«Елу жылдық мерейтой — бұл мемлекеттік қайраткердің жинақталған тәжірибесі мен сізге тән жетекшілік талантыңыз жаңа жарқын жетістіктер үшін күш, сенімділік пен шабыт беретін өмір кезеңі», — деді Матвиенко.

Сонымен қатар, ол Федерация Кеңесінде Әшімбаевтың Қазақстан-Ресей одақтастық қатынастарын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Федерация Кеңесінің басшысы Мәулен Әшімбаевтың тікелей қатысуымен Қазақстан мен Ресей арасындағы парламенттік байланыстар бауырлас екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Матвиенко өзінің жеделхатында коронавирус індетіне байланысты жағдай тұрақтанғаннан кейін, біздің республикаға келетінін айтты.

Сурет: tourdom.ru

Ещё в ленте

Все новости