Факты истории

Елбасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің беделін арттыруға байланысты пікір білдірді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановпен кездесіп, осы ЖОО-ның дамуына қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Тұңғыш Президент әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің беделін көтеру және дамыту мәселелеріне назар аударды.

«Университет беделін көтеру маңызды. Зерттеу жоғары оқу орынын құру міндеті тұр. Білім беру сапасына және профессорлық-оқытушылық құрамның дайындық деңгейін арттыруға көңіл бөлу қажет. Шәкірттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін студенттік жатақханалар салу жөнінде тапсырма берілді», — деді Елбасы.

Сондай-ақ осы кездесу аясында жоғарыда аталған университет ректоры Нұрсұлтан Назарбаевқа Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар дайындау жоспары туралы баяндады.

Ещё в ленте

Все новости