Факты истории

Діни зұлмат: ата-аналар балаларын вакциналаудан бас тартуда

Ақтау облысында ата-аналарының діни нанымдарына байланысты 800-ден астам бала вакциналаудан өткен жоқ.

«Соңғы екі жылда өңірде вакцинадаудан бас тартудың 883 фактісі тіркелді. Оның 484-і 2017 жылы, 399-ы өткен жылы. Ата-аналармен жүйелі түрде жұмыс істеуге, оларға бас тартудың теріс салдарын түсіндіруге тырысамыз. Осындай түсіндірулердің нәтижесінде бұрын егуден бас тартқан 100 – ден астам баланың ата-аналары вакциналау дан өтті», — деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уайсов.

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинациядан бас тартудың 70% -дан астамы ата-аналардың діни наным-сенімдеріне байланысты. Өңір дәрігерлері діндарлар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде, бірақ нәтижесі төмен.

Медициналық сарапшылар балаларды вакциналаудан бас тарту болашақта індеттің таралуына әкелуі мүмкін деп есептейді.

Сулет: abctv.kz

Ещё в ленте

Все новости