Факты истории

Десантшылар Қапшағай гарнизонында парашютпен секірді

Қапшағай гарнизонының аумағында десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімінің 160 жауынгерлер осы жазғы оқу кезеңінде алғашқы рет парашютпен секірді.

Парашютпен секіру десантшылардың жауынгерлік даярлығының негізі болып табылады,олар десанттық-шабуыл бөлімшелерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына кіреді.

Десантация алдында әскери қызметшілер әуе-десанттық дайындық курсынан өтті, онда олар парашюттік жүйелерді, төсеу тәсілдерін, сондай-ақ әуедегі және қону кезіндегі іс-қимылдарды егжей-тегжейлі қарастырды.

Нұсқаудан кейін жауынгерлер арнайы әуе-десанттық кешенде жаттығудан өтті.

Әрбір әскери қызметшінің дайындығы оның психологиялық және моральдық жай-күйімен айқындалады. Жауынгерлермен секіруге дейін психологтар жұмыс істеді.

Жауынгерлік дайындық бағдарламасына сәйкес, Қапшағай гарнизонында ағымдағы жылға үш мыңнан астам секіру жоспарланған.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости