Факты истории

Денсаулық сақтау министрі коронавируспен ауруханаға түсті

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртановтан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі.

«Достар, өкінішке орай, коронавирусқа тарсырған соңғы тестім оң нәтиже көрсетті, осы жағымсыз жаңалықты хабарлауға мәжбүрмін», — деді Біртанов.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, онда коронавирустың симптомсыз түрі емес, сол себепті оны инфекциялық стационарға жатқызды.

Сондай-ақ, Біртанов тағы да қазақстандықтарға өз қауіпсіздігі мақсатында белгіленген барлық санитарлық талаптарды сақтауға шақырды, өйткені коронавирус эпидемиясы әлі жойылған жоқ.

«Егер сіз симптомдарды ерте сезсеңіз: әлсіздік, бас ауыруы, тамақ жыбары, дене қызуы — дереу дәрігерге хабарласыңыз! Өздеріңізді сақтаңдар! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін!»,- деді министр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 14496 жағдайы ресми түрде тіркелді, ал вирустан емделген адамдар саны 9114.

Ещё в ленте

Все новости