Факты истории

Биыл он жеті миллион шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда тұрғын үй құрылысы туралы айтып берді.

«Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда — бұл 163 мың тұрғын үй, оның ішінде 6,5 млн шаршы метр жеке тұрғын үй және 10,5 млн шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй», — деп ИИДМ басшысы Үкімет отырысында хабарлады.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6% — ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды.

2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде «2-10-20», «5-10-20» және «5-20-25″бағдарламалары бойынша 28 мың әлеуметтік тұрғын үй және 10,4 мың жеңілдікті қарыз түрінде көрсетілді.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости