Факты истории

Қазақстанда волонтерлік жұмысқа қатысқаны үшін студенттерге төленетін болады

Білім министрлігі баспасөз қызметінің қызметкерлері ведомствода волонтер-студенттерге сағатына 1000 теңге төлеуді жоспарлап отырған қаулы жобасы әзірленгенін айтты.

Жобада ЖОО студенттеріне ваучердің екі түрі ұсынылады.

Біріншісі — 20 сағаттық волонтерлік қызмет. Ол үшін келісілген пәндер бойынша 2 академиялық кредит есебімен 20 000 теңге төленеді.

Екінші — 50 сағаттық волонтерлік қызмет, келісілген пәндер бойынша 5 академиялық кредит есебімен 50 000 теңге төлнеді.

Әлеуметтік студенттік ваучер, әлеуметтік бағытталған қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге, келесі бағыттар бойынша ұсынылады:
1) инклюзивті білім беру;
2) репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық);
3) әумесерлік мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру;
5) қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс.

Жоба аясында жыл сайын 50 мың қазақстандық студент қамтылады.

Сулет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости