Факты истории

Қазақстанда үшінші халықаралық ЖЭК саммиті өтеді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы жүзеге асыратын Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) жобасы аясында ЖЭК саласындағы III халықаралық саммит өтеді. Zakon.kz xабарлайды.

Хабарламада айтылғандай, халықаралық индустриялық алаң аясында ЖЭК саласындағы инвесторларға стартап-жобалардың тұсаукесері өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден астам делегат пен спикерлер қатысады.

Саммитте жаңартылатын энергия көздерінің кемшіліктері мен артықшылықтары талқыланады, сондай-ақ Қазақстанның экологиясын жақсартуға бағытталған үздік жобаларды жүзеге асыру нұсқалары қарастырылады.

Жоба аясында Қазақстан Республикасына халықаралық әзірлеушілерді, инвесторларды және технологияларды жеткізушілерді тарту жоспарланып отыр. Алаңның базасында өзара іс-қимыл, сондай-ақ қарым-қатынас және тәжірибе алмасу мақсатында экология саласындағы сарапшыларды біріктіреді.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости