Факты истории

Қазақстанда гендерлік бюджеттеуді енгізу жоспарлануда

Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Ұлттық комиссияның отырысы өтті.Оның барысында Қазақстанда гендерлік бюджеттеуді енгізу мәселесі қаралды.

«Бүгін күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды. Бірінші мәселе — қолданыстағы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік бюджеттеуді енгізу жоспарының жобасын әзірлеу кезінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлаудың ұқсас жүйесі бар елдерде гендерлік бюджеттеуді енгізу тәжірибесін зерделеу қорытындылары туралы.

Екінші мәселе — ұлттық кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл әйелдерін кәсіпкерлік қызметке тарту, шағын несиелеудің қолжетімділігін және қосылған құнның логистикалық тізбегін қалыптастыру қызметін жандандыру туралы.

Үшінші мәселе — Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын және Шымкент қаласында «Қазақстан отбасында зорлық-зомбылықсыз» пилоттық жобасын іске асыру барысы туралы. Төртінші мәселе — түркі тілдес елдерде отбасылық құндылықтарды алға тарту тәжірибесін жинақтау», — деді Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, ол барлық қатысушыларға экономиканың көптеген секторларында көшбасшы болып отырған еліміздің әйелдері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерді жүзеге асыруға кіріскенін хабарлады.

Сурет: 24.kz

Ещё в ленте

Все новости