Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық емес қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда, деп zakon.kz хабарлайды.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңгені құрайды. 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жеткізумен. Орта медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы 2021 жылы 173 мың теңгені құрайды, 2023 жылы 210 мың теңгеге дейін жеткізіледі, — деді Цой.
2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жеткізіледі деп болжануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген. 2021 жылы – 222 млрд.теңге, 2022 жылы – 362 млрд. теңге, 2023 жылы-557 млрд. теңге.
Сонымен қатар, 2020 жылдың өзінде дәрігерлердің орташа жалақысы 30 пайызға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға арттырылды.
Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы да айтты. Ол пандемия кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсетілгенін атап өтті. Үш тәуекел тобы бойынша 116 млрд теңге мөлшерінде үстемеақы төленді. Үстемақымен қатар 9 мыңнан астам науқас әлеуметтік төлем алды.