Факты истории

Қазақстанда атыс қаруын жеткізу арнасы жойылды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы операция барысында Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын сатумен айналысқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алды.

Арнайы операция барысында қылмыстық топ мүшелері ұсталып, 8 «Калашников» автоматы мен 2 тапанша тәркіленді.

Сондай-ақ, ұсталған қылмыскерлердің бірінің үйін тінту кезінде, қаруды түрлендіруге және өзгертуге арналған станок табылды.

Жүргізілген операция нәтижесінде қару жеткізу арнасы анықталып, жойылды. Ұсталғандарға қатысты тиісті жазалау шаралары қабылданатын болады.

Ещё в ленте

Все новости