Факты истории

Қазақстанда қаңтар айының соңынан үш жол ақылы болады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері жол жүру ақысын алудың автоматтандырылған жүйесін іске қосуға дайын екендігін айтты.

Төлем алу жүйесі 2019 жылы 26 қаңтарда Астана – Теміртау – 134 км, Алматы – Қапшағай – 42 км, Алматы – Қорғас – 295 км автожолдарында іске қосылады», — делінген хабарламада.

Жеңіл көлік үшін жол жүру төлемінің ставкалары: Астана – Теміртау алдын ала төлем бойынша – 200 теңге, қолма – қол ақшамен – 400 теңге; Алматы – Қапшағай алдын ала төлем бойынша – 100 теңге, қолма – қол ақшамен – 200 теңге; Алматы – Қорғас алдын ала төлем бойынша-300 теңге, қолма-қол ақшамен-600 теңге құрайды.

Автожолдар бойынша жол жүру бағасымен мұнда танысуға болады:

Сулет: bnews kz

Ещё в ленте

Все новости