Факты истории

Қазақстан желтоқсан айында «Спутник V» вакцинасын шығара бастайды

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Президентке коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық вакцинаның әзірлену барысы туралы айтылды.

Мамин 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1-ші және 2-ші фазаларының аяқталғаны туралы хабарлады. Бұл ретте, Асқар Маминнің айтуынша, жанама әсерлер тіркелген жоқ, ал вакцина жоғары тиімділікті көрсетіп отыр. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық зерттеулердің 3-кезеңі аясында 3 мың ерікті вакцинацияланады. Сынақтар 2021 жылдың наурыз айының соңында аяқталады, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысына ағымдағы жылдың желтоқсан айында 2 млн доза көлемінде отандық вакцинаның алғашқы партиясын шығару іске қосылатыны туралы мәлімет берілді.

Фото: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости