Факты истории

Қазақстан Қытай азаматтарына визасыз режимді уақытша тоқтатады

Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин уәкілетті органдарға Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режимді тоқта тұруды тапсырды. Бұл шешім осы елде коронавирус таралуына байланысты қабылданды.

Сондай-ақ, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінің жұмысы тоқтатылатын болады, сонымен қатар мемлекетіміздің шекарасындағы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарына Қытай провинциялары мен қалаларына барудан бас тарту ұсынылды, себебі Қытайда инфекцияның белсенді таралуы байқалуда.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елімізде Қытай вирусының таралуына жол бермеуге бағытталған батыл шаралар қабылдау қажеттігін мәлімдеді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытай инфекциясын жұқтырғандар саны 1326 адамды құрады. Бұдан басқа, өлім-жітім де тіркелді — бүгінгі күніге дейін коронавирустан 41 адам қайтыс болды.

Ещё в ленте

Все новости