Факты истории

Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыбайлас жемқорлығы ең төмен ел болып шықты

Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымы, 2018 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингін құрады.

Қазақстан 31 ұпай жинап, 124 орын алды (180-нен). Осылайша, өз аймағындағы елдер арасындағы ең үздік нәтижені көрсетті.

Сондай-ақ, 124 орында Непал, Мальдив, Габон және Джибути. 2017 жылғы рейтингте Қазақстан 31 ұпай жинап,122 орынға шыққан.

ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстан Қырғызстанды (29 ұпай-132 орын), Ресейді (28-138), Әзірбайжан мен Тәжікстанды (25-152) және Өзбекстанды (23-158) басып озды.

Тізімнің көшбасшысы — Дания, ол 88 ұпай жинады. 2017 жылдың жеңімпазды — Жаңа Зеландия, ол 87 ұпаймен 2 орынға ие болды. Үшінші орында 85 ұпаймен Финляндия, Сингапур, Швеция және Швейцария.

Сулет: yandex. kz

Ещё в ленте

Все новости