Факты истории

Қазақстан тұрғындары медициналық қызмет саласындағы жаңалықтарға тап болады

Биыл қазақстандықтарды медициналық қызмет көрсету саласында қандай жаңалықтар күтіп тұр, деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов, деп «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі хабарлайды.

«2021 жылға қор амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмектің қолжетімділігін арттыруды, ауылдық денсаулық сақтауды қолдауды, қашықтықтан медицинаны, скринингтік бағдарламаларды, мейірбике ісін, патронаж қызметін дамытуды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр», — деді Болат Төкежанов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, қордың айтарлықтай назары балалар денсаулығын қаржыландыруға бағытталады. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту — «Аңсаған сәби» және ЭКҰ арттыру бойынша «Қамқорлық» бағдарламалары.

«Қосымша қаржыландыру неонаталдық скринингтер өткізуге және сәбилердің психофизикалық дамуын бағалауға, сондай — ақ мектеп медицинасын дамытуға бөлінетін болады», — деп Болат Төкежанов хабарлады.

Барлық бастамалар қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілгені атап өтілді. 2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде ТМККК – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 700 млрд теңге қарастырылған.

Белгіленген бағыттардан басқа, дәрігерлердің жалақысын 30% — ға дейін және орта медициналық қызметкерлердің жалақысын 20% — ға дейін арттыру шеңберінде тарифтерді 132 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған.

Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады, осы бағыт бойынша қаржыландыру көлемі 20% — ға өседі.

Ещё в ленте

Все новости