Факты истории

Қазақстан әскери күштердің әлемдік рейтингіне енді

Желіде Global Firepower халықаралық компаниясы елдердің әскери қуат деңгейі бойынша рейтингін жариялады, оған сәйкес біздің еліміз 138 мемлекеттің ішінде 63-орында, деп хабарлайды baigenews.kz ақпарат агенттігі.

Үздік ондыққа АҚШ, Ресей Федерациясы, Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Египет және Бразилия кірді.

Рейтинг мемлекеттердің 50-ден астам жеке көрсеткіштерінің негізінде жасалды, олардың ішінде қорғаныс шығындары, жабдықтар мен техника арсеналы, армия саны, танктер, кемелер, ұшақтар және басқа да әскери техникалар, сондай-ақ мұнай өнімдеріне қол жетімділік. Индексте ядролық қарудың болу факторы ескерілмеген.

Біздің республикамыз
осы жылдың алты айында қорғанысқа 311,4 миллиард теңге жұмсады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға артық.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция індетінің таралуына қарамастан, еліміздің Қарулы Күштерінде армияның жауынгерлік дайындығын сақтауға бағытталған оқу-жаттығу жұмыстары жалғасуда.

Сурет: e-history.kz

Ещё в ленте

Все новости