Факты истории

Қазақстан Президенті: майдангердің ұлы ретінде мен Жеңіс күнін атап өтуге үлкен мән беремін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысы Жеңісі Күнін мерекелеуге үлкен мән беретінін мәлімдеді.

Бұл туралы мемлекет басшысы Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу барысында айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

РФ Үкіметінің төрағасы Қазақстан Президентіне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, оны 9 мамыр күні Мәскеу қаласында Жеңіс Күнін мерекелеуге шақырды.

Ол сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мемлекет басшысы Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.

Елбасы 9 мамырда Мәскеуге үлкен қуанышпен баратынын атап өтті.

«Бұл біздің ортақ мерекеміз. Мен майдангер ұлы ретінде Жеңіс Күнін тойлауға үлкен мән беремін», — деді Тоқаев.

Қазақстан Президентінің Ресей премьер-министрімен келіссөздері барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуды талқылады.

Михаил Мишустин Қазақстан мен Ресей Федерациясы экономикалық және саяси ынтымақтастықта айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

Ещё в ленте

Все новости