Факты истории

Қазақстан Президенті еліміздің оңтүстігіне Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде келді

ҚР Президенті Алматы облысына келді.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-те хабарлады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларға қатысу үшін Алматы облысына келді. Қазақстан Президенті — Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы бітімгершілік дайындық оқу орталығының қызметімен танысады, бітімгершілік операцияларды пысықтау жөніндегі оқу — жаттығулардың белсенді кезеңін бақылайды және әскери қызметшілер алдында сөз сөйлейді деп күтілуде, — деп Уәли жазды.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости