Факты истории

Қазақстан Президенті ел астанасын қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Астананы Нұр-Сұлтан деп атау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды nur.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының атауын, Қазақстан Республикасының астанасы – Нұрсұлтан қаласы атауына өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.

Сурет: vlast.kz

Ещё в ленте

Все новости