Факты истории

Қазақстан президенті Беларусь президентін мерейтойымен құттықтады

Беларусь президенті Александр Лукашенко 65 жасқа толды. Осыған байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оған құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің құттықтау жеделхатында Беларусь президентінің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік құрылыс және интеграцияны дамыту ісіндегі зор еңбегін атап өтті.

Сондай-ақ, Елбасы Беларусь көшбасшысына денсаулық, амандық, соншама жауапты қызметте табыс тіледі.

Сурет: 365info.kz

Ещё в ленте

Все новости