Факты истории

Қазақстан Премьер-министрі Түркияның іскер топтары өкілдерімен кездесті

Қазақстан Үкіметі басшысы Асқар Мамин түріктік және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді,деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қатысушылар екі елдің бизнес-құрылымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар елімізде жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты мәселелерді қарастырды.

ҚР Премьер-министрі Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып табылатын он елдің қатарына кіретінін хабарлады.

«Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,9 млрд. Осы жылдың 7 айында өзара сауда көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73,5%-ға өсті. Біз Түрік компанияларының Қазақстандағы экономикалық жобаларды іске асыруға қатысуын жоғары бағалаймыз. Біздің ортақ міндетіміз — инвестициялық ынтымақтастық деңгейін арттыру», — деді Мамин.

Сондай-ақ, кездесу аясында Қазақстан Премьер-министрі түріктік бизнеске агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп және құрылыс материалдары салаларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құруды ұсынды.

Кездесу соңында ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қазақстан-Түрік үкіметаралық комиссиясының жоспарланған отырысы аясында Анкарада бизнес-форум өтетінін айтты.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости