Факты истории

Қазақстан мен Ресейдің Әуе қорғаныс күштері бірлескен оқу-жаттығу өткізді

Алматы облысында Қазақстан мен Ресейдің әуе қорғанысы күштерінің үздік экипаждарының қатысуымен әскери оқу-жаттығу өтті. Оқу іс-шараларына 20 жойғыш пен шабуылдаушы жұмылдырылды.

Оқу шарасы «Шығыс-2019» халықаралық оқу-жаттығуы аясында өтті. Сценарийге сәйкес, шабуылдаушылар Республика шекарасын заңсыз кесіп өткен әуе кемесін ұстап алуы тиіс болатын.

Оқу-жаттығуға Су-25, Су-30 СМ және Су-34 әскери ұшақтары жұмылдырылды. Әскери ұшқыштар тапсырманы сәтті орындады.

Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов қазақстандық ұшқыштар кез келген жағдайға дайын екенін айтты.

«Ұшу-тактикалық оқу-жаттығуларына қатысушылардың алдына қойған барлық міндеттер орындалады. Біз күрделі метрологиялық жағдайларда ұштық, бүгінгі таңда ұшу экипаждарының міндеттерді орындауын «үздік» деп бағалауға болады «, – деп толықтырды Қосанов.

Сурет: 24.kz

Ещё в ленте

Все новости