Факты истории

Қазақстан мен Ресей полицейлері қылмысқа қарсы бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қырылордада Қазақстанның облыстық полиция департаменті мен Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр кешеніндегі басқармасы басшылығының екіжақты кездесуінде тараптар Арал өңіріндегі қылмысқа бірлесіп қарсы іс-қимыл жасауға қатысты мәселелерді талқылады.

Екі мемлекет ведомстволарының басты міндеті өңірлік ынтымақтастықты нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан полициясы бірлескен іс-қимыл жоспарын құруы тиіс.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі таңда өзара қарым-қатынасты нығайту аса өзекті. Өйткені қазір лаңкестік, экстремизм және халықтың заңсыз көші-қоны сияқты жалпы қауіптердің өсу жағдайлары байқалады.

Кездесу соңында тараптар бірқатар қорытынды құжаттарға қол қойды.

«Бірлескен бағдарламаны іске асыру кешенді тәсіл, бірлескен стратегия мен өзара іс-қимыл тактикасын жетілдіруді талап етіледі. Сондықтан бүгінгі кездесуде заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Менің ойымша, мұндай кездесулер біздің өңірдегі барлық қылмыстармен күреске күш-жігерімізді біріктіру үшін қажет», — деп атап өтті Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Ещё в ленте

Все новости