Факты истории

Қазақстан мен Ресей еріктілері волонтерлік қозғалысты дамытуда бір-біріне көмектесуге келісті

Еліміздің Ақпарат министрлігі басшысының орынбасары Асхат Оралов Қазақстан мен Ресей Еріктілер кеңесінің онлайн-отырысына қатысты. Бұл туралы Ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, бейнеконференцияға Ресей Федерациясының жастар ісі жөніндегі федералды агенттігі басшысының орынбасары Григорий Гуров, еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қосылды.

Онлайн-пікірталасқа қатысушылар алдында сөйлеген Асхат Оралов Қазақстанда еріктілер қызметін алға бастыру үшін жасалып жатқан жағдайлар туралы айтты.

Жыл басынан бері елімізде еріктілердің 17 өңірлік орталығы мен 600-ден астам еріктілер ұйымын біріктіретін еріктілердің республикалық фронт-кеңсесі жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, еріктілер қызметін ілгерілету мақсатында біздің мемлекетте 33 мыңнан астам еріктілер тіркелген, бірыңғай qazvolunteer.kz онлайн-платформасы іске қосылды.

Сонымен қатар, бейнеконференцияда экология және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері көтерілді.

Отырыс соңында бауырлас екі мемлекеттің еріктілері волонтерлік қозғалысты дамытуда бір-біріне көмектесуге шешім қабылдады. Сондай-ақ, тараптар ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға келісті.

Ещё в ленте

Все новости