Факты истории

Қазақстан мен Ресей ғалымдары әлемдік экономикаға цифрландыруды енгізуді талқылайды

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Мәскеу, Курск және Нұр-сұлтан қалаларында онлайн-режимде «цифрландыру: әдіснамасы, құралдары, нәтижелері, тәуекелдері»атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Бұл Ресей-Қазақстан конференциясы Әлемдік экономиканың барлық салаларына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу процесінің барысы мен нәтижелерін талқылауға арналады.

Форумның ұйымдастырушылары Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, РҒА жас ғалымдар кеңесінің, Нұр-Сұлтандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығы қызметкерлерінің қатысуымен Курск қаласындағы оңтүстік-батыс мемлекеттік университетінің өкілдері болып табылады.

Жас ғалымдар цифрландырудың қоғамдық және корпоративтік мәдениеттегі өзгерістерге әсерін, сондай-ақ информатиканың бірінші кезектегі іргелі міндеттерін қарастыруға ниетті. Сонымен қатар, күн тәртібінде әр түрлі экономикалық салаларда жасанды интеллектті қолданудың практикалық шешімдері мен технологиялары ұсынылатын болады.

Ғылыми конференция барысында ЖОО мен ғылыми-зерттеу орталықтарының 20-ға жуық баяндамалары мен әзірлемелерін ұсыну жоспарлануда. РҒА жас ғалымдар кеңесі делегациясының мүшелері Курск оңтүстік-батыс университетінен эфирге шығуды жоспарлап отыр.

Сурет: hr-portal.ru

Ещё в ленте

Все новости