Факты истории

Қазақстанға ресейлік тікұшақ жиынтықтарының партиясы келді

Біздің республикамызға Ресейден екі тікұшақ жиынтықтары жеткізілді, кейін олардан Ми-8АМТ тікұшақтары жиналады. Оларға тапсырыс берген Ұлттық ұлан және Төтенше жағдайлар министрлігі, деп хабарлайды kursiv.kz ақпарат ресурсы.

Қазақстанға жиынтықтарды «Ресей тікұшақтары» холдингіне тиесілі Ұлан-Удэ авиациялық зауыты жеткізді, ал ол өз кезегінде «Ростех»мемлекеттік корпорациясының құрылымына кіреді.

«Ресей тікұшақтары» холдингі, тікұшақтарды жинау процесі Алматыда тиісті лицензиясы бар №405 авиажөндеу зауытында жүргізілетінін айтты.

Өз кезегінде Ұлан-Удэ авиациялық зауытының басшысы Леонид Белых Қазақстан аумағында ресейлік тікұшақтарды құрастыру республиканың тікұшақ жасау саласын дамытуға және жергілікті кәсіпорындардың ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Ми-8АМТ тікұшақтарын жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға, өрт сөндіруге, құқық қорғау міндеттерін орындауға және ормандарды қорғауға қолдануға болады.

Қазақстанда барлығы 17 ресейлік Ми-8АМТ тікұшағын жинау жоспарланып отыр. Бұған республикалық бюджет 180 миллиард теңге жұмсайды.

Сурет: ria.ru

Ещё в ленте

Все новости