Факты истории

Астанада өрт сөндірушілер көп қабатты үй тұрғындарын құтқарды

Өрт 11 қаңтарда Астанада көп қабатты тұрғын үйде орын алды.

17:04-те өртке қарсы қызметтің басқару пультіне Сығанақ көшесіндегі «Краун плаза» тұрғын үй кешенінен өрт туралы хабарлама түсті.

Өрт 4-ші қабаттағы пәтерде болған. Өрт алаңы — 10 шаршы метр.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 11 адам құтқарылды. Өрт сағат 17:19-да ауыздықталып, сағат 17:25-те тоқтатылды.

ТЖД мәліметтері бойынша зардап шеккендер және құрбан болғандар жоқ.

Өрт себептері туралы полиция тергеушілері мен ТЖД қызметкерлері анықтайды.

Сулет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости