Факты истории

Арыста жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны өсуде

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қазіргі уақытта Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккендердің саны 46 адамға жеткенін, оның 5-уі бала екенін хабарлады. Бұл туралы «Спутник» ақпарат агенттігі хабарлады.

«Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан отыз төрт адам Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Тағы 12 адам түрлі дене жарақатымен Шымкент қаласының № 1 қалалық ауруханасына медициналық көмекке жүгінген, олардың ішінде бес бала бар», – деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері.

Ведомстводан хабарлағандай, дәрігерлер балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетті,ал кейін оларды облыстық балалар ауруханасына жіберді. Сонымен қатар, жарылыстан зардап шеккендердің бірі №1 қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.

Сурет: Sputnik news.kz

Ещё в ленте

Все новости