Факты истории

Қарағандыда халықаралық тіл мамандары олимпиадасы өтеді

Білім және ғылым министрлігі,халықаралық олимпиадаға қатысу үшін, Қазақстанның 34 университетінен командалар құрады, деп хабарлайды 24.kz.

Жарыс қазақ, ағылшын, орыс, неміс, сондай — ақ француз тілдерінен өтеді. Олимпиада екі күн өткізіледі, онда конкурстар мен тестілеуден басқа, заманауи оқыту бағдарламалары бойынша жетекші педагогтардың білім беру шеберлік-сыныптарын ұйымдастыру қарастырылған.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Азамат Ыдырысов: «Бізде тағылымдама берудің үлкен мүмкіндігі бар. Бізде академиялық ұтқырлық бағдарламаларының саны көп — еуропалық, американдық, қытайлық және таяу шетел елдерінен. Барлық туденттер, әрине, сөзсіз оларға қатысады»- деді.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости