Факты истории

Алматының 14 шағынауданында жол құрылысы басталды

Алматының 14 шағын ауданында жаңа жол салынады. Сондай-ақ көше жарықтары, арықтар мен нөсер кәріздері жүргізіледі, деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғабас, Қарасу, Көк-Қайнар, Ұлжан-2 және Ақбұлақ аудандарында қазба жұмыстары басталды, жиектастар мен арықтар орнатылды.

Шаңырақ-2, Дархан, Байбесік, Трудовик, Саялы және Ұлжан-1 ықшам аудандарында жабдықтар мен жұмыс бригадалары жұмылдырылды.

Шаңырақ-1, Әйгерім-1 және Әйгерім-2 шағын аудандарында инженерлік желілер орнатылынғаннан кейін жолдар салынады. Жас Қанат шағын ауданында жұмыс аяқталуға жақын.

Алматылықтар жол жағдайына байланысты мәселелер бойынша әкімдікке + 77018888513 нөмірі бойынша Whatsapp мобильдік қосымшасы арқылы немесе Инстаграм әлеуметтік желісіндегі «Алматы қаласының жолдарын жөндеу туралы» жол басқармасының бетінде хабарласа алады.

Сурет: Радио Азаттык

Ещё в ленте

Все новости