Факты истории

Алматыда «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Полиция қызметкерлері Алматы қаласында «Участок» жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Бұл туралы Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қылмыстарды анықтап,оның жолын кесу болып табылады.

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Серік Құдебаев: «Халық арасында ішкі істер органдарының абыройы мен беделін арттыруға қол жеткізу, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ кез келген құқыққа қарсы көріністердің, соның ішінде лаңкестік пен экстремизм фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, барынша көмек көрсетуге шақырамыз,»-деді.

Сонымен қатар, Алматы полиция департаментінің бастығы «Участок» іс-шарасының өткен кезеңінде 370 мың тұрғын үй-жай араланғанын атап өтті.

Ещё в ленте

Все новости